
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті елдегі қолайсыз эпидемиологиялық ахуал мен «Омикрон» коронавирусының жаңа штаммының таралуына байланысты 2021 жылдың 30 қарашасында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі ҚР Үкіметінің отырысында жаңадан шектеу шараларын енгізуді ұсынғандығын хабарлайды:
Ботсвана, ОАР, Лесото, Намибия, Зимбабве, Мозамбик, Малави, Мадагаскар, Эсватини, Танзания және Гонконгтан шетел азаматтарының Қазақстанға кіруіне шектеу қойылсын.
«Омикрон» нұсқасынан туындаған КВИ жағдайлары анықталған елдерден келген адамдар үшін вакцинацияға қарамастан міндетті ПТР тестінің болуын енгізу: бүгінгі күні бұлар Израиль, Чехия, Нидерланды, Бельгия, Ұлыбритания, Италия, Германия, Австралия, Канада және Мысыр.
«Омикрон» тудырған КВИ жағдайлары анықталған елдерден келген адамдар ПТР тестінің нәтижесіне қарамастан 7 күн бойы оқшаулануы керек (үй карантині).
Мысырмен жолаушылар ағынын ескере отырып (қараша 13 мыңнан астам адам) және Бельгияда Мысырдан келген адамнан «Омикрон» КВИ табылғандығына байланысты Мысырмен әуе қатынасы тоқтатылсын.
Осыған байланысты, Туризм индустриясы комитеті туристік қауымдастықтарға туристік жолдамаларды сатуды тоқтата тұруды және туристердің Мысыр Республикасына шығуын шектеуге қатысты жазбаша ұсыным жіберді.
Сонымен қатар, Денсаулық сақтау министрлігімен, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен және «ТуристікҚамқор» қорымен бірлесіп, Мысырмен әуе қатынасын тоқтата тұру барысында туындайтын жағдайлардың алдын алу мақсатында жұмыс жүргізілуде.
Туындаған сұрақтар бойынша ҚР азаматтарының құқықтарына кепілдік беру жүйесінің әкімшісі – «ТуристікҚамқор» қорына 8 7172 72-51-58 нөмірі бойынша хабарласуға болады.