Қытайлық Чанша қаласында I am a Singer-2017 музыкалық шоу жалғасуда. Қазақстандықтар 28 қаңтар күні Бейжін уақытымен сағат 22.05-те, ал Астана уақытымен сағат 20.05-те өтетін Димаштың жаңа өнер көрсетуін тағатсыздана күтуде.

Қытайлық Чанша қаласында I am a Singer-2017 музыкалық шоу жалғасуда. Қазақстандықтар 28 қаңтар күні Бейжін уақытымен сағат 22.05-те, ал Астана уақытымен сағат 20.05-те өтетін Димаштың жаңа өнер көрсетуін тағатсыздана күтуде.

Бағдарламаның алғашқы кезеңінің қорытындысы бойынша көшбасшылық етіп келе жатқан жас қазақстандық Димаш Құдайберген Қытайдың басты ойын-сауық арнасы Hunan TV-де көрсетілетін музыкалық шоуда жанкүйерлерін одан әрі таң қалдыруға дайын. Байқаудың екінші күнінде Димаш «Опера №2» шығармасын орындайтын болады.

Айтып кету керек, екі миллиардтан астам көрермендік аудиториясы бар азиаттық байқаудың ережелері едәуір күрделі. I am a Singer байқауына өз елдерінде кеңінен танымал және беделді халықаралық байқаулардың жеңімпазы атанған әртістер ғана қатыса алады. Кезекті байқау күні қатысушылары қандай әнді және қай тілде орындайтындығын ұйымдастырушылардың өздері шешеді.

Жалпы байқау он төрт кезеңнен тұрады. Бағдарламадан шығып кеткен қатысушылардың орындарына ұйымдастырушылар келесі кезеңдерде жаңа әртістерді қосу мүмкіндігіне байланысты шоудың басынан бастап қатысып келе жатқан қатысушылар ең күрделі жағдайда болады. Осы себеппен мақтанышымыз Димаш шоудың үшінші кезеңінде жаңа қарсыластармен байқауға түсіп, бағдарламаның алғашқы күніндегідей үздік атағы үшін таласатын болады.

Алғашқы байқаудан-ақ көшбасшы атанған Димаш Құдайберген үшін бұл музыкалық марафон ол үшін ұзаққа созылатындығы анық. Димашқа сәттілік тілейміз! Біз оның жеңісіне сенеміз!