ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Алексей Бондарчуктің еміне бір күндік жалақыларын аударды

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Алексей Бондарчуктің еміне бір күндік жалақыларын аударды

Қазақстандық конькимен сырғанаушы Алексей Бондарчуктің еміне ҚР Мәдениет және спорт министрлігі бір күндік жалақыларын аударды.

Қостанайда тұратын Алексейді кене шағып, орталық жүйке жүйесіне зақым келген болатын. Ол Мәскеуде емделгенмен, нәтиже болмады. Қазір ол Үндістанда емделіп жатыр. Емделу шамамен 5 000 000 теңгені құрайды.

2010 жылы Алексей Бондарчук әлем чемпионатында жеңіске жетті. Ол қазақстандық конькимен сырғанау спортының жаңа жұлдызы.