
Көрмеге суретшінің көркемсурет, графика, мәтіндер, инсталляциялар, сынды әртүрлі жанрлардағы түрлі техникалармен орындалған туындылары қойылады.
Музей осы көрме арқылы елімізде ғана емес, шетелдерде де танымал, көкейтесті өнер саласында жұмыс жасайтын аз ғана қазақстандық суретшілердің шығармашылығын халыққа таныту бағытындағы жобаны жалғастырады. Осындай суретшілердің бірі – Сергей Маслов.
Сергей Маслов Ресейдің Самара қаласында (1952-2002) дүниеге келген. Алматыда тұрып, қызмет атқарған.
Оның суретші ретіндегі мансабы 1980 жылдардың соңында басталды. Сол уақыттарда Маслов шығыстық мистицизм және стильдік эклектик бағытын дамытқан «Түнгі трамвай» көркемөнер тобының жетекшісі болатын. Кейіннен өзінің басты шығармашылық қағидасы ретінде мифтік шығармашылықты таңдап алып, Вояджер галереясының көркемөнер тобына қосылады.
«Сергей Маслов. Жұлдызды көшпенді» атты көрме автор шығармашылығының өркендеуі қайта құру және одан кейінгі кезеңге сәйкес келген ізденісін көрсетуге әрекет жасайды.
Көрме 31 мартқа дейін созылады.