
«Политиамо Гарибальдидің әдемі залында қазір ғана екі концерт аяқталды. 2018 жылы концерт маусымының ашылуымен әлемге әйгілі дирижер Сицилияның филармониялық оркестрінің жетекшісі Михаил Юровскиймен бірге «№1 концерт скрипка үшін оркестр ре мажор Сергей Сергеевич Прокофьев» шығармасын орындадық. Жаңа жылдың басталуы мен үшін осындай маңызды оқиға болып отыр, атап айтқанда, Прокофьевтің концерті, әсіресе оның 2-ші бөлімі сияқты күрделі жұмыстың орындалуымен ерекшеленді. Михаил Юровскиймен байланыстарымыз жалғасады деп үміттенемін, себебі оның біздің елге баруға, оқушылар мен музыканттармен бірге мастер-класс өткізіп, біздің фестивальдарымызда концерттер өткізу жоспарында бар... Осы тұста бірінші рет Палермо қаласында сахнада өнер көрсеткенімді атап өткім келеді. Мен үшін және барлық қазақстандық музыкалық өнер тыңдармандары үшін халықаралық музыкалық әлемде осындай концерттік маусымын ашу үлкен абырой. Архитектурасы мен табиғаты жағымды Сицилия мені қатты таңдандырды», – деп атап өтті Айман Қожабекқызы.
Еңбегі сіңген музыка шебері Михаил Юровский – музыканттар әулетінен. Михаил Юровскийдің балалары – отбасылық әулетінің жалғасы, Владимир Михайлович Юровский – Лондон филармониялық оркестрінің дирижері және Дмитрий Михайлович Юровский – Антверпендегі Гент қаласындағы Корольдік фламандиялық операның дирижері.
«Біз Мәскеу консерваториясының түлектеріміз. Айман Мұсахаджаева – ең ұлы музыканттың бірі, өз ісінің шебері, табиғи дарынды және жақсы мектепті жалғастырушы. Осы мүмкіндікті пайдаланып, Астанадағы Өнер университетін 20 жылдық мерейтойымен құттықтағым келеді, сіз өз еліңіздің келешегінің мәдени негізін салудасыз. Сізге Қазақстан игілігі үшін өркендей беруіңізді тілеймін », – дейді дирижер Михаил Юровский.
Концерттік бағдарлама барысында төмендегі шығармалар орындалды: «№1 концерт скрипка үшін оркестр ре мажор Оп. 19» Сергей Сергеевич Прокофьев және «Симфония #11 соль минор, оп. 103» Дмитрий Дмитриевич Шостакович (1905 жыл).
Сонымен бірге, тыңдармандар үшін Евгений Брусиловскийдің «Боз Айғыр» шығармасынан үзінділер орындалды.
«Айман Мұсахаджаеваның дарындылығы, оның ерекше ойнату мәнері мені қатты таңдандырды. Біз көрнекті скрипкашы Айман Мұсахаджаевамен бірге концертке қатысқандығымызға қуаныштымыз. Бұл Палермодағы керемет жетістіктерге қол жеткізген тамаша солист... Осы сәтті пайдалана отырып Астананы 20 жылдығымен құттықтағым келеді. Жаңа шығармашылық жетістіктер тілеймін», – дейді Сицилия филармониялық оркестрінің алғашқы скрипкашысы Массимо Барале.


