Түркі әлемінің мәдени астанасы – Түркістан

Түркі әлемінің мәдени астанасы – Түркістан

Айта кетсек, наурыз айынан бастап Түркістан қаласында  аталған шараның салтанатты ашылу рәсімі өтеді.  Ұлыстың ұлы күні  - Наурыз тойы мерекеленіп, түркітілдес ұлттар арасындағы бауырластық байланыстар мен достықты, түркілік мәдениет пен өнерді ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп, оны әлемге таныту мақсатында  түрлі іс-шаралар ұйымдастырылады.

Аталған жиын аяқталғасын ТҮРКСОЙ ұйымының Бас хат­шысы Дүйсен Қасейі­нов және Мәдениет және спорт министрлігінің Мәде­ниет және өнер істері департаменті директорының міндетін атқарушы Алмаз Нұразхан, Түркі әлемінің мәдени астанасы – Түркістан жеріне ат басын бұрды. «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің директоры Жандос Әубәкір келген қонақтарға музей құрамындағы көне тарихи-мәдени ескерткіштер жайлы қысқаша баяндап, «Түркістан – Түркі әлемінің мәдени астанасы» аясында өткізілетін іс-шараларға белсенді түрде атсалысатынын жеткізді.