
Мәдениет және спорт министрлігі жыл соңына дейінгі іс-шаралар туралы хабарлайды.
Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясындағы кең ауқымды іс-шаралардың соңғы кезеңі Министрлік 15 қараша мен 15 желтоқсан аралығында ұйымдастырған «30 жұлдызды күн» жобасы болды. Еліміздің мерейтойына орай мәдени және спорттық іс-шараларды ілгерілетуге өңірлер белсенді түрде қосылды. Мерекелік шаралар жыл соңына дейін жалғасады.
Бүгін, 30 қарашада Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының Н.Тілендиев атындағы камералық залында филармония ұжымдарының қатысуымен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы күніне арналған концерт өтеді.
1 желтоқсанда Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығын мерекелеу аясында «Астана Балет» театрында «Ұлттық хореография кеші» өтеді.
Сондай-ақ 1 желтоқсанда Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайында «Елбасы жолы» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылады.
3-15 желтоқсан аралығында Жамбыл облыстық орыс драма театрында «Гүлдене бер, менің Қазақстаным!» композициясы сахналанады.
3-4 желтоқсанда «Астана Опера» театрында Еркеғали Рахмадиевтің «Алпамыс» операсының премьерасы өтеді.
3-5 желтоқсанда Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығын мерекелеу аясында әлеуметтік роликтер мен қысқаметражды фильмдер фестивалін өткізу жоспарланған.
4 желтоқсанда Семей қаласындағы Абай атындағы театрда «Ұлы Дала мұрасы» бағдарламасы аясында «Астана Балет» театрының гастрольдері басталады.
6 желтоқсанда «Тәуелсіздік толғауы» XI республикалық онлайн-конкурсының және «Елім менің» XVII республикалық патриоттық әндер онлайн-конкурсының финалы өтеді. Іс-шара Абай, Әбу Насыр Әл-Фараби және Жамбыл Жабаевтың бай мұрасын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған.
7-9 желтоқсан аралығында музыкалық аспаптарда орындаушылардың халықаралық телевизиялық байқауы онлайн және офлайн форматта көрсетіледі.
7 желтоқсанда Өскемен қаласының «Оқу-зерттеу экобиоорталығы» РМҚК қабырғасында «БЕРЕЛ» мемлекеттік тарихи-мәдени мұражай-қорығының «Катонқарағай өңірінің тарихы, өлкетануы» көшпелі көрмесі ашылады.
7 желтоқсанда М. Әуезов Қазақ ұлттық драма театры көрермен назарына О.Жанайдаровтың «Екеуіміз» драмасын ұсынады.
8 желтоқсанда Орал қаласындағы «Атамекен» өнер орталығында «Ұлы Дала мұрасы» бағдарламасы аясында «Астана Балет» театры Fuego Lento бір бөлімді балетін сахналайды.
9 желтоқсанда М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры Н.Қарабалиннің «Туған күн» моноспектаклінің премьерасын ұсынады.
10 желтоқсанда М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық театрында «Барымен базар» комедиясының премьерасы өтеді.
10 желтоқсанда Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптары оркестрінің әртісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Санжан Сабырғалиеваның «Арнау» онлайн-концертін тамашалауға болады.
10-14 желтоқсан аралығында Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында С.Асылбекованың «Желтоқсан желі» драмасы көрсетіледі.
11 желтоқсанда Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі музыкасүйер қауымға «Тәуелсіздік – Тұғырым» концертін ұсынады.
11 желтоқсанда Қанат Омаровтың жетекшілігімен «Астана Балет» театрының сахнасында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен халықаралық байқаулардың лауреаты, Уотерманн алтын медалінің иегері Әлім Бейсембаев өнер көрсетеді. Концерт бағдарламасында Людвиг ван Бетховен, Сергей Рахманинов және Морис Равельдің шығармалары орындалады.
11-12 желтоқсанда Nur Otan партиясының қоғамдық бірлестігімен бірлесіп X республикалық ақындар айтысы ұйымдастырылады.
11 желтоқсанда Н. Сац атындағы Мемлекеттік академиялық орыс балалар мен жасөспірімдер театрында «Нарату - Ұлы даланың мұрагері» спектаклі көрсетіледі.
12 желтоқсанда Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында лирикалық музыканың жанкүйерлері «Қазіргі қазақ композиторларының романстар кеші» концертін тамашалай алады.
14 желтоқсанда Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында Дж.Верди «Аида» операсының премьерасы өтеді.
15 желтоқсанда «Астана Опера» театрында үздік шығармашылық ұжымдардың қатысуымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған салтанатты концерт өтеді.
16-18 желтоқсанда Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының сахнасында «Алтайдан ауған ел» спектаклінің премьерасы өтеді.
Спорттық іс-шараларға шолу
1 желтоқсанда шаңғы маусымы ашылып, Ж. Үшкемпіров атындағы «Жекпе-жек» Сарайында Qazaq kuresi қауымдастығымен бірлесіп, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы күніне арналған қазақ күресінен «Үздіктердің үздігі» республикалық турнирі ұйымдастырылады.
2-11 желтоқсанда ересектер арасында шахматтан Қазақстан Республикасының чемпионаты өткізіледі.
3-5 желтоқсан аралығында парадзюдо бойынша Азия және Океания елдерінің Ашық чемпионаты өтеді, оған Индонезия, Корея, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Румыния, Ресей және Жапония спортшылары қатысады.
18 желтоқсанда Ж. Үшкемпіров атындағы «Жекпе-жек» Сарайында Халықаралық дәрежедегі бокс кеші өтеді. Оған Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов және оның әлемнің Топ-25 енген қарсыласы қатысады.
23-27 желтоқсанда қазақша күрестен Әлем чемпионаты өтеді.
Біздің анықтама: осы жоба шеңберінде республика бойынша мәдениет саласында барлығы 1 600-ге жуық, 30-дан астам спорттық іс-шара өтті. Оның ішінде, тек елордада 500-ден астам мәдени, 65 спорттық іс-шара өткізілген.
Барлық іс-шаралар әлеуметтік қашықтық, санитариялық-эпидемиологиялық ұсынымдарды сақтай отырып жүргізілді және жүргізілетін болады.