
Көрмені ұйымдастыруға Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті биология кафедрасының музей қорына тапсырған коллекцияларынегіз болды. Бұл материалдар – 2013-2015 жылдары жануарлар мен өсімдіктердің биоалуантүрлілігін зерттеу мақсатында Шыңғыстау өңіріне жасалынған экспедициялардың нәтижесі.
Шыңғыстау – тарихи, шежірелі өлке. Абайдай ұлы ақын, Шәкәрімдей ғұлама, Мұхтар Әуезов сынды кемеңгер жазушының кіндік қаны тамған қасиетті жер.
Көрменің мақсаты – Шыңғыстау өңірінің флорасы мен фаунасы, табиғат ерекшеліктерімен таныстыру, оқушыларды табиғатқа, туып-өскен жерге деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу.
Көрмеде Шыңғыстау аймағының табиғат көріністері, жануарлар, өсімдіктер дүниесі, этномофаунасы, орнитофаунасы, сонымен бірге сүректі өсімдіктердің кеппешөптері, тастардағы қыналар, көбелектер, моллюскалар, жәндіктер коллекциялары көрсетілген.
Іс-шараға зиялы қауым және БАҚ өкілдері, студенттер қатысты.
