
Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ қарасты «Дебют» шығармашылық-өндірістік бірлестігі қысқаметрлі сценарийлер конкурсына жұмыстарды төмендегі шарттар бойынша қабылдайды:
– Конкурсқа тек Қазақстан Республикасы азаматтары қатыса алады;
– Ұсынымдарды қабылдау мерзімі – 07.02.2018 мен 07.05.2018 аралығы;
– Конкурсқа қысқаметражды көркем фильмдерге арналған сценарий немесе әдеби шығарма негізінде қазақ не орыс тілдерінде, 5-20 бет көлемінде жазылған сценарийлер (бір немесе бірнеше авторлар бірлесе жазған)қабылданады.
– Салалық білімі бар немесе киноға жақын сала бойынша білімі болғаны абзал;
Конкурстық жұмыстарды үш айдың көлемінде debut@kazakhfilmstudios.kz электронды поштасы арқылы жіберуге болады.
Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының «Дебют» шығармашылық-өндірістік бірлестігі конкурсқа қабылданған сценарийлердің өндіріске жіберілетініне кепіл бермейді және комиссия мүшелері сценарий авторларымен байланысқа шықпайды.
Телефон: + 7 727 313 11 35