Алматыда керлинг бойынша Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атындағы 11-ші Еуразия кубогы өткізіледі

Алматыда керлинг бойынша Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атындағы 11-ші Еуразия кубогы өткізіледі

2017 жылдың 21-24 қаңтары аралыында Алматыда керлинг бойынша Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атындағы 11-ші Еуразия кубогы өтеді. Кубок алда келе жатқан 28-ші Дүниежүзілік қысқы универсиадаға орай тестілік жарыс ретінде өткізілмек. Сайысқа Қазақстаннан 10-нан бастап 20-ға дейінгі команда, сондай-ақ, шетелдік спортшылар қатысады деп күтілуде. Мұз алаңдарын дайындайтын мамандар, менеджерлер мен тайминг-офицерлерге арнап 16-24 қаңтар аралығында оқу семинары өткізіледі. Жарыстар кезінде Дүниежүзілік керлинг федерациясы (WCF) және Халықаралық студенттік спорт федерациясының (FISU) өкілдері қатысады. Еуразия кубогы үшін күрес «Алматы Арена» мұз сарайында өтеді.