
Бүгін Тараз қаласында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитеті мен «KAINAR» кәсіби дайындықтың жоғары мектебі» ұйымдастыруымен «Жамбыл, Ақмола облыстарының топонимдері» атты республикалық ғылыми-практикалық семинар өтті.
Семинардың мақсаты – республикадағы ономастикалық қызметті ретке келтірудің негізгі ғылыми дәйектерін басшылыққа ала отырып, елді мекен атауларына қатысты тарихи деректерді ғылыми айналымға түсіру және тарихи ономастикалық атауларды қалыпқа келтіру, жүйелендіру.
Алқалы жиында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт минитрлігі Мәдениет комитеті төрағасының орынбасары Күміс Сейітова кіріспе сөз сөйледі.
Семинар жұмысына жұмыс тобы мүшелері, Жамбыл облысының барлық аудандарындағы ономастика саласымен айналысатын бөлім басшылары мен мемлекеттік архив басшылары қатысты.
Еркін форматта өткен семинарда бірқатар мәселелер талқыланып, ұсыныстар айтылды.