Түркістан – түркі әлемінің мәдени астанасы

Түркістан – түркі әлемінің мәдени астанасы

Түркі мәдениетінің халықаралық ұйымы - ТҮРКІСОЙ биыл өзінің 20 жылдық мерейтойын кең ауқымда атап өтуді көздеп отыр. Осыған орай, түбі бір түркі жұртының ортақ материалдық және мәдени игілігін сақтап, дамыта отырып, болашақ ұрпаққа аманат етуді көздеген түркітілдес елдердің халықаралық ұйымы, тарихи көне Түркістан шаһарын түркі әлемінің мәдени астанасы - деп жариялады.

Көрме экспозициясына 1866-1872 жж. орыс жиһанкезі А.Кунның «Түркістан альбом» кітабы, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Тарих толқынында», «Бейбітшілік кіндігі», қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына орай шыққан «Қазақ хандары», отандық және шетелдік ғалымдардың Түркістан жөнінде жазған кітаптары, 1866-1872 жж. түсірілген А.Кунның «Түркістан альбомы» кітабынынан фотосуреттер мен тағы басқа құнды кітаптар көрме экспозициясынан орын алды.