
«Астана Опера» театры Невадағы қаладажиі қонақтайды. Және 2017 жылдың алғашқы гастролініңдәл осы жердеөтетіні, қуанарлық жағдай.
- Балеттік труппамыз Мариинский театрының сахнасында Гала балетпен өнер көрсеткен, енді біз ауқымды да күрделі спектакльді алып бармақпыз– бұл жауапкершілікті жүктейді. Әрине, сапар алдындашамалытолқу да бар. Алдымен өз сахнамызда билейтіндіктен, бойымызға жағымды күш-қуат жинап алсақ дейміз және қазақстандық көрермен бізді жылы лебізбен шығарып салғанын күтеміз. Спектакльдің тұсаукесері үлкен жетістікке ие болды, дегенмен, балет тынбайжұмысжүргізудің арқасында пісіп жетіледі. Сахнаға шыққан сайынбіз ізденеміз және жаңа көзбен қараймыз, рөлді тереңірек сезіну үшін, бұрынғыдан да жақсарту үшін қызықты идеяларды ұсынамыз. Менің партиям Эсмеральдаға келсек,кейіпкерімнің эмоциясын жеткізу үшін үнемі жұмыс істеймін, - деді «Астана Опера»театрының жетекші солисті, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мәдина Баспаева.
Петерборлық көрермен «Париж Құдай Анасының соборын»Ролан Петидің қойылымында тамашалайды. Ол спектакльді 1965 жылы өзі сияқты атақтылармен: керемет сәнқойкутюрье Ив Сен-Лоран, композитор-авангардист Морис Жарр және танымал театр және кино суретшісі Рене Аллиоменжүзеге асырып еді. Күш-жігерін біріктіре отырып олар өз дәуірінің ең стильді қойылымдарының бірін, сол кезде сәнге айналғанминималисттікстильдепаш етті.
Спектакльде өнер көрсететін екі құрамның әртістері: Квазимодо партиясы– Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткеріРүстем Сейітбеков және бірнеше халықаралық байқаулардың Гран-при иегері Бақтияр Адамжан, Эсмеральданың рөлінде - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Мәдина Баспаева және Әйгерім Бекетаева, Феб – халықаралық байқаулардың лауреаттары Арман Оразов пен Олжас Тарланов, Клод Фролло - халықаралық байқаулардың лауреаттары Серік Нақыспеков, Ғазиз Рысқұлов.
Аталған гастроль «ЭКСПО-2017» бағдарламасының аясында жүзеге асады.