«Мұқағали» фильмі Таллинде өткен халықаралық кино фестивальде жүлдеге ие болды

«Мұқағали» фильмі Таллинде өткен халықаралық кино фестивальде жүлдеге ие болды

Танымал режиссер Болат Қалымбетов түсірген «Мұқағали» фильмі «Темные ночи» атты 25-ші Таллин кинофестивлінде (PÖFF) қазылар алқасының арнайы жүлдесіне ие болды. Бұл туралы фестиваль ұйымдастырушылары «Эстония» концерт залында өткен шараның жабылу салатантында жария етті.

Фильмнің поэзиялық тілі мен ерекше көркемдігі адам жанын ерекше сезімге бөлейді. Нағыз рухани құндылықтарды дәріптеуге бағытталған кинотуынды, - деді Эстонияның діни ұйымдары өкілдері кірген экуменикалық қазылар алқасы.

Естеріңізге сала кетсек, қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына орай ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ жарыққа шығарған кинотуынды аты аңызға айналған ақын өмірінің соңғы жылдары туралы баяндайды.

Фильмнің сценарийін белгілі жазушы Жүсіпбек Қорғасбек режиссер Болат Қалымбетов және Ғазиз Насыровпен бірге жазған.

Кинотуынды осы жылы 21 қазанда прокатқа шыққан.