«Е-culture» бірыңғай электронды порталы

«Е-culture» бірыңғай электронды порталы

Қазақ халқының тарихи-мәдени мұрасы, дәстүрлі өнердің өзіндік ерекшелігі біздің халқымыздың әлемдік кеңістіктегі бетке ұстар игілігі болып табылады. Қазақ халқының рухани байлығын сақтап қалу ұмтылысы халқымыздың сан ғасырлық тарихы, этникалық мәдениеттің дәстүрлеріне және әлеуметтік-тарихи тәжірибеге негізделген.

ХХI ғасырда қазақ мәдениетінің ерекше құбылысы әлемге жаңа цифрлық форматта әйгілі болуы қажет. Осы мақсатта «Цифрлық Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасы аясында ғаламдық желіге қосылу және Әлемнің әрбір жерінен ақпараттқа қолжетімділікке мүмкіндігі бар «Е-culture» бірыңғай электронды порталын ашу жоспарланып отыр..

Портал контентінің жоғары сапасын қамтамасыз етуді, оңтайлы жұмыс істеуді, сондай-ақ халыққа қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында өнердің барлық түрлерін, музей және кітапхана қорын, тарихи-мәдени мұра және т.б. салалардың қамтылуы, әрбір қолданушыға қолайлы ақпараттық жүйені жарыққа шығару жоспарлануда.

Мысалы, порталдың «Музей» бөлімінде Қазақстанның барлық музей коллекциялары, экспозициялық залдары, виртуалды экскурсиялар, музей артефактілердің 3D визуализациялау көрініс табатын болады.

«Кинематография» бөлімінде барлық фильмдердің электронды каталогы және мұрағаттық видеоматериалдары және оларға қолжетімділігі бар барлық ұлттық цифрлық киноколлекциясы көрініс табады. Кез келген қолданушы маңызды тарихи оқиға туралы фильмді немесе видеоны таңдап оны ыңғайлы режимде қарай алатын болады.

Оқушыларға, студенттерге, ғалымдарға «Кітапхана» бөлімі қолдануға өте қолайлы болады. Онда Қазақстанның барлық кітапханаларының біріңғай электронды каталогы бар Қазақстан Республикасының барлық цифрлық кітапхана қоры көрініс табатын болады. Өте қарапайым интерфейс барлық кітаптар мен құжаттарға, олардың ішінде көне баспаларға, сирек кездесетін кітаптарға, көне қолжазбаларға және манускрипттерге қолжетімділікті қамтамасыз ететін болады.

Сонымен қатар «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» маңызды жобасы да e-culture.kz порталында көрініс табатын болады. Кез келген шетелдік қонақ, қазақстандық турист Қазақстанның киелі жерлері бойынша турсттік маршруты бар киелі объектілердің оқшауланған виртуалды картасын таба алады.

Ақпаратқа қолжетімділікке, еліміздің мәдени өмірін танымал бір ресурсқа шоғырландыруға мүмкіндік беретін «E-culture» бірыңғай электронды порталы - Қазақстанның мәдениеті мен өнерін әлемдік кеңістікке ілгерілетудің және оларды кеңінен танымал ету мүмкіндігінің ең қолжетімді форматы болып табылады.

«Е-culture» бірыңғай электронды порталы