Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының директоры тағайындалды

 Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының директоры тағайындалды

Айтып кету керек, Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы 1935 жылдың 14 қаңтар күні құрылды. Филармонияның тұңғыш директоры және көркемдік жетекшісі болып аса көрнекті музыкатанушы ғалым, композитор, дирижер, Қазақстанның Халық әртісі,академик Ахмет Қуанұлы Жұбанов қызмет атқарды.

Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы көп жылдар бойы Қазақстан Республикасы және Алматы қаласының мәдени орталығы болып келеді. Оған қала тұрғындары мен қонақтарының филармонияның шығармашылығына және концерттік бағдарламаларына деген өзгеріссіз қызығушылықтары дәлел. Филармонияның шығармашылық ұжымдары өз тараптарынан тыңдармандардың рухани қажеттіліктерін жоғарғы музыкалық классикалық өнер және халық шығармашылығы негізінде, Қазақстан және шет ел композиторларының өнерін насихаттау арқылы негізгі міндеттерін орындап келеді.

Дәлел Уәшев Өскемен музыкалық училищесін 1989 жылы «Жеке ән салу» мамандығы бойынша бітіріп, сол жылы «Құрманғазы» атындағы Алматы Мемлекеттік консерваторияға қабылданып, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген артисі, профессор Ш.Абиловтың класынан 1994 жылы үздік бітіріп шығады. 1994–1996 жылдары осы консерваторияда, Қазақстан Республикасының халық артисі, профессор Ғ.Есімовтың класынан аспирантура бітіреді.

Дәлел Уәшевтің шығармашылық еңбек жолы 1992 жылдан бастау алады. Ол қалалық, республикалық деңгейдегі мәдени іс–шараларға белсенді түрде араласып, Республиканың белгілі өнер ұжымдары Н.Тілендиев атындағы «Отырар сазы» фольклорлық–этнографиялық оркестрімен, «Құрманғазы» атындағы мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрімен, мемлекеттік симфониялық оркестрімен, «Сазген сазы» фольклорлы–этнографиялық ансамбльмен, басқа да ұжымдармен өнер көрсете бастайды.

1993 жылы халықаралық «Алтын күз» камералық әншілер байқауында лауреат атанды. 1995 жылы Уфа қаласында өткен халықаралық М.Глинка атындағы байқауда «Дипломат» атағын алады. Консерваторияда дәріс бере жүріп, Австрия композиторы Г.Малердің «Песня странствующего Подмастерия» атты шығармасын, Қазақстан Республикасының халық артисі Т.Абдрашевтің дирижерлығымен елімізде алғаш орындаушысы атанды.

Дәлел Уәшевтің репертуарында қазақтың халық әндері, шет ел, Қазақстан композиторларының шығармалары, ән–романстары бар.