ЮНЕСКО аясындағы «The Planet of ART» халықаралық фестивалі

ЮНЕСКО аясындағы «The Planet of ART» халықаралық фестивалі

2018 жылы ЮНЕСКО аясындағы Халықаралық балалар шығармашылығының фестивалі жас суретшілерге «The Planet of ART» атты жаңа атаумен өз есігін айқара ашады. Бұрынғыдан да қызықтырақ оқиғалар мен шеберлік-кластарға толы жобаның жаңа топтамасы Қазақстан елордасы - Астананың 20 жылдығын атап өтуге арналған және «Рухани Жаңғыру» бағдарламасының шеңберінде өтеді. Биылғы фестиваль Азия-Тынық мұхиты аймағындағы 20 астам елдің бейнелеу, қолданбалы және басқа да өнер түрлерінің 10 000 жуық жас шеберлерін жинауға уәде береді.

Қазақстан аумағындағы конкурс ағымдағы жылдың 1 ақпанынан бастап 20 сәуіріне дейін өтеді және 3-17 жас аралығындағы бүлдіршіндер мен жеткіншектердің жұмыстары қабылданады. Орындау техникалары айтарлықтай әралуан: «Астана – бейбітшілік қаласы» тақырыбында орындалған графика мен қолданбалы қолөнерден бастап шығармашылық суретке түсіру мен 3D модельдеуге дейін. байқау шарттарымен танысып, онлайн өтінімді www.unescoclubs.kz сайтында толтыра аласыз. 

1999 жылы ЮНЕСКО шешімі бойынша Астана «Бейбітшілік қаласы» атағына ие болды.

Конкурс қорытындысы бойынша фестивальдің жеңімпаздары анықталады: әрбір қатысушы мемелекеттен 5 адам, Қазақстанның әр облысынан және республикалық маңызы бар Алматы мен Астана қалаларынан 5 адам жеңімпаз атана алады.Әр аймақтың жеңімпаздары маусым айында Астанадағы жобаның мәресіне шақырылып, оларға білім беру және мәдени мазмұнды бағдарлама таныстырылады. Бірнеше күн бойы олар қазіргі шығармашылық білім беру, бейбітшілік мәдениеті мен халықаралық орта атмосферасына батады. Балалар Қазақстан елордасының мерейтойын тойлау кезінде өз елдерінің жас елшілеріне айналады.Сонымен қатар, Фестиваль аясында конкурстың жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтеді және «The Planet of ART» альбомдық сериясының «Астана – бейбітшілік қаласы» тақырыбындағы кітабы көпшілікке жол тартады.Жобаны ұйымдастырушылардың айтуынша, конкурс тек әлеуметтік мақсатта жүзеге асырылады және қатысу тегін. Астана қаласында 150 жеңімпаздың мәреге келуі де толығымен байқау серіктестерінің есебінен төленетін болады.

Айта кетерлік жайт, «Әлем балалары сурет салады» Халықаралық Фестивалі 1999 жылы ЮНЕСКО Бас Директорының бастауымен туындады. Қазақстандық алғашқы альбом Елбасының алғысөзімен символикалық түрде ашылған.

Қазақстан аймағында он жылдан астам уақыт сәтті жұмыс жасап келген конкурс 2010 жылы «Балалар сурет салады. Орталық Азия»атауымен өзінің географиялық таралымын ұлғайтып, көршілес елдерінің балаларына өз ойларын өнер арқылы бейнелеуге мүмкіндік берді. Соның арқасында іс-шара ЮНЕСКО-ның Орталық Азиядағы тұрақты бағдарламаларының қатарына енгізілді. Нәтижесінде жоба 2012 жылы Нью-Йорк қаласындағы БҰҰ штаб-пәтерінде таныстырылды.

2016 жылы Азия-Тынық мұхиты деңгейіне көтеріліп, «Балалар сурет салады.Азия» жобасы өз өрісін кеңейтті. Бұл қадамның нәтижесінде Бангладеш, Вьетнам, Үндістан, Қазақстан, Қытай, Корея, Қырғызстан, Моңғолия, Непал, Ресей, Тәжікстан, Тайланд, Түркменстан, Өзбекстан, Жапония және басқа да елдердің дарынды жастары жобаға қатыса алатын болды. Фестиваль Алматы қаласының 1000-жылдығына арналып, аталмыш жылы алмалар қаласының мерейтойын тойлау аясында Париж қаласындағы ЮНЕСКО штаб-пәтерінде халықаралық көпшіліктің назарына тағы да ұсынылды.

Дарынды балалар мен жастардың одан да көп санын қамту үшін 2018 жылы жоба «Балалар Әлем ырғағында» атты Қазақстанның шығармашыл жастарының Фестивалімен біріктіріліп, «The Planet of Art» жаңа атауымен дамудың жаңа кезеңіне аяқ басты.

ЮНЕСКО аясындағы «The Planet of Art» Халықаралық Фестивалін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорымен біріге отырып Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО Клубтарының Федерациясы ұйымдастырады. Жоба Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің, Білім және ғылым министрлігінің, Сыртқы істер министрлігінің, Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық Коммиссиясының, Алматыдағы ЮНЕСКО Кластерлік Бюросының, Астана қаласы әкімдігінің және бірқатар ірі компаниялардың қолдауымен іске асып отыр.