Наурыз мерекесіне орай Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасы

 Наурыз мерекесіне орай Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасы

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының 2018 жылдың 21 ақпанында «Егемен Қазақстан» газетінде жарық көрген «Наурыз ең әуелі балдырғандарға арналуы керек» атты Наурыз мейрамын атап өтуге байланысты, министр ұсынысын қолдау мақсатында, Мәдениет және спорт министрілігінің қызметкерлері Наурызға арнайы жасалған  төсбелгіні  1-30 наурыз күндері тағып жүреді. Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты 83 мекеме келе жатқан Наурыз мерекесімен құттықтау  сөздер жазылған баннерлер ғимараттың фасадын безендіруде.