Аталған кездесу барысында талқыланған бірнеше құрылымдық мәселелермен қатар, қорды басқаратын әрекет етуші алқалы органның жаңа құрамы (Қамқоршылық құрам) жасақталды:
Сонымен қатар, қор жұмысын жақсарту мақсатында, ұйымды басқаруға жаңа басшы тағайындалды. «Туризм және спортты дамыту қоры» Корпоративтік қорының бас директоры міндетін Мұстафин Омар Артурұлы атқарады.
Анықтама үшін: Мұстафин О.А. 1977 жылы дүниеге келген. 1999 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетін «заңгер-құқықтанушы» мамандығы бойынша тәмамдады. 2002 жылы СІМ Елшілік академиясын «халықаралық қатынастар бойынша маман» ретінде бітіріп шықты. ҚР Ауыр атлетика Федерациясының бас хатшысы, Азия Ауыр Атлетика Федерациясы маркетингтік комиссиясының төрағасы мен халықаралық спортта басқа да, қызметтерді қатар алып жүрген білікті маман.
Сонымен қатар, «Астана» Президенттік Кәсіби Клубында да біраз өзгерістер орын алды. Жаңадан құрылған қамқоршылық кеңес «Астана» Президенттік клубы атқарушы органының басшысын тағайындады. Ол міндетке Баталов Асқар Болатұлы лайықты деп танылды.
Айта кетейік, қамқоршылық кеңес Қордың әрдайым қызметтегі алқалы органы болып саналады.
Қор міндетіне төмендегідей мәселелерді шешу кіреді:
1) Қордың даму стратегиясын айқындау;
2) Қордың бас директорын тағайындау;
3) Қор жұмысының жарғыда көрсетілген мақсаттарға сай жұмыс істеуін;
4) Қор есебінен жүзеге асырылатын жобаларды іріктеу.
5) Жобаларды жүзеге асыру үшін, қаржыларды бөлу;
6) бюджетті бекіту, қор құрылымын, штаттық күнтізбесін, сонымен қатар еңбекақыны бекіту жұмыстары.
Қамқоршылық Кеңес мүшелерінің жалпы сан 3 (үш) адамнан кем болмауы шарт, сонымен қатар, олар 3 жылдан артық отырмаулары тиіс.
Қамқоршылық кеңесті құру Қор Құрылтайшысының міндетіне кіреді.