«Өңірлік ономастика мәселелері» атты семинар өтті

«Өңірлік ономастика мәселелері» атты семинар өтті

Бүгін Атырау қаласында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитеті «Өңірлік ономастика мәселелері» тақырыбында семинар өткізді.

Семинар жұмысын ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы Ақан Әбдуалиев жүргізді. Сонымен қатар жиынға Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстары әкімдіктері жанындағы ономастика саласымен айналысатын басқарма басшылары мен ономастика бөлімдерінің басшылары, Атырау облысына қарасты барлық аудан әкімдерінің орынбасарлары қатысты.

Іс-шараның мақсаты – Қазақстан Республикасындағы ономастикалық жұмыстарды ұйымдастыратын әдістемелік ұсынымды, идеологиялық тұрғыдан ескірген атаулары бар елді мекендер мен құрамдас бөліктерді қайта атау бойынша 2022-2025 жылдарға арналған Жол картасы мен өзектендірілген «Тарихи тұлғалар» тізімін насихаттау, оны жұмыс барысында басшылыққа алу.

Еркін форматта өткен семинарда бірқатар мәселелер талқыланып, ұсыныстар айтылды.