
Жаңа трассаның барлық мүмкіндігін алғаш болып шаңғышылар байқап көреді. Еліміздің 10 облысынан келген 100-ге жуық спортшы шаңғы спортының 6 түрі бойынша бақтарын сынайды. Сондай-ақ, Украина, Ресей мен Беларусь Республикасынан келген спортшылар жарыстың көркін қыздырады. FIS аясында өткізілгелі отырған жарыс, бапкерлер құрамына спортшылардың техникалық және тактикалық деңгейін анықтап, сараптама жасауға ықпал етеді. Аталған жарыстың арқасында спортшылар Халықаралық шаңғы Федерациясы тізіміндегі рейтингтерін көтере алады.
Жарысты ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық Комитеті, «ҚР Ұлттық шаңғы жарысы Федерациясы» ҚБ, Ақмола облысының әкімдігі.
Анықтама үшін: Естеріңізге салайық, жаңа кешеннің құрылысы бірнеше жыл бойы жалғасты. 2012 жылы шаңғы трассаларына халықаралық сәйкестік сертификатын беру үшін жобаға әлемдік жетекші сарапшылар тартылды. Құрылыс кезінде мамандардың барлық ұсынымдары ескеріліп, қорытындысында кез-келген ірі көлемдегі жарыстарды өткізуге мүмкіндік беретін сәйкестік сертификаттары алынды.