Щучье қаласындағы жаңа республикалық шаңғы базасының мүмкіндіктерін шаңғышылар байқап көрді

Щучье қаласындағы жаңа республикалық шаңғы базасының мүмкіндіктерін шаңғышылар байқап көрді

Скиатлон дисциплинасына еліміздің он облысынан 100 ден астам спортшылар қатысты. Сонымен қатар, Украиндан келген әлемге танымал спортшы, Әлем Чемпионатының қол жүлдегері, бес Қысқы Олимпиада ойындарының қатысушысы Валентина Шевченко да жарыс көркін қыздырды. Ерлер командасының спортшылары 10 шақырымды классикалық стильмен жүріп өтсе, 10 шақырымды еркін стильмен еңсерді. Бірінші орынды Виталий Пухкало алса, екінші орында Денис Волотка, қола медаль Сергей Малышевтың еншісінде. Жасөспірімдер тобында бірінші орынды Никита Грезин, екінші орын Иван Люфттің еншісінде, үшінші орын Никита Жарносенконың еншісінде. Әйелдер тобында бірінші орынды Анна Шевченко алды, күміс Елена Коломинада, қола медаль Марина Матросовада.  Жасөспірімдер арасында бірінші орын Анжелика Тарасовада, екінші орынды Ксения Шалыгина иеленсе, үшінші орында Ксения Жердева.

«Біздің спортшылар үшін бүгін керемет мереке. Себебі, біз бұл кешенді көптен күттік. Бұл ең озық технологиялармен жасалған, заманауи нысан. Қазақстан енді, түрлі дәрежедегі шаңғы жарыстарын ұйымдастыруға мүмкіндік алып отыр. Спаортшыларымыз да, оқу жаттығу жиындарын елімізде өткізе алады», - деді Ұлттық Шаңғы Жарысы Федерациясының I Вице-президенті Никита Девяткин.

Жарысты ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық Комитеті, «ҚР Ұлттық шаңғы жарысы Федерациясы» ҚБ, Ақмола облысының әкімдігі, Ұлттық Олимпиадалық даярлау орталығы.

Анықтама үшін: Естеріңізге салайық, жаңа кешеннің құрылысы бірнеше жыл бойы жалғасты. 2012 жылы шаңғы трассаларына халықаралық сәйкестік сертификатын беру үшін жобаға әлемдік жетекші сарапшылар тартылды. Құрылыс кезінде мамандардың барлық ұсынымдары ескеріліп, қорытындысында кез-келген ірі көлемдегі жарыстарды өткізуге мүмкіндік беретін сәйкестік сертификаттары алынды.