
Бүгін Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында өтіп жатқан каратэден (WKF) әлем чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды. Жартылай финалда қарсыласқа жол берген төрт қазақстандық каратэшінің екеуі қола жүлдегер атанды. Биыл Токио Олимпидасына қатысқан Софья Берульцева 68 кг дейінгі салмақта сербиялық Ивана Перовичті, Нұрқанат Әжіқанов 75 кг дейінгі салмақта бельгиялық Квентин Махауденді ұтты.
Өкінішке қарай, қола медаль үшін таласта Мөлдір Жаңбырбай (50 кг дейін) украиналық Крива Катеринаға, Қайсар Алпысбай (60 кг дейін) морокколық Абдель Али Джинаға есе жіберді.
Абу-Дабидегі әлем чемпионатына 117 мемлекеттен келген мыңнан астам спортшысы ката және кумите бағдарламасында жүлдеге таласып жатыр. Ертең әлем чемпионатының соңғы жарыс күні.
Айта кетейік, бұл чемпионатқа Қазақстан құрамасы тек кумите бағдарламасында 10 спорты апарды. Олар: Мөлдір Жетібай (50 кг), Сабина Захарова (55 кг), Қайсар Алпысбай (60 кг), Николь Ценгель (61 кг), Әсел Қанай (68 кг), Софья Берульцева (+68 кг), Дидар Әмірәлі (67 кг), Нұрқанат Әжіқанов (75 кг), Игорь Чехмарев (84 кг) және Данияр Юлдашев (+84 кг).