
Бүгін Көкшетауда «Ақмола, Жамбыл облыстарының топонимдері» атты республикалық ғылыми-практикалық семинар өтті.
Аталған іс-шараға ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Мəдениет комитеті төрағасының орынбасары Күміс Сейітова, Еуразия гуманитарлық институтының профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Гүлнар Бекенова, Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, география ғылымдарының докторы Қуат Сапаров, екі өңірдің ғалымдары қатысып, облыстардағы тарихи атауларды қалпына келтіру жұмыстарының жүргізілу барысын талқылады.
Іс -шараны ұйымдастырушы- Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитеті мен «KAINAR» кәсіби дайындықтың жоғары мектебі».
Ғылыми-практикалық семинарда облыстардағы тарихи атаулардың этимологиясын диахрондық әдіс тұрғысынан зерттеу, нақты дәлелдермен тарихи атауларды қалпына келтіруге бағытталған жоба әзірленгендігі айтылды. Жоба аясында ғалымдар Қазақстан мен Ресей мұрағаттары мен кітапханаларындағы мәліметерді ескере отырып, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізген.