
Венгрияның Дебрецен қаласында шорт-тректен Әлем Кубогының үшінші кезеңі өтіп жатыр. Қазақстанстандық шорт-трекші Әділ Ғалиахметов пен Денис Никиша 500 метрге жарыста іріктеуден сүрінбей өтіп, ширек финалға шықты.
Бүгін жарыстың екінші күні Нұр-Сұлтан уақытымен 15:00-де басталады.
Айта кетейік, Венгриядағы үшінші кезең 21 қарашада аяқталады. Содан кейін шорт-трекшілер 25-28 қараша аралығында Дордрехтте (Нирерланды) өтетін соңғы, төртінші кезеңге дайындықты бастайды.