«Burabay Summer Fest» балалар телевизиялық фестиваліне іріктеу өтуде

«Burabay Summer Fest» балалар телевизиялық фестиваліне іріктеу өтуде

«Бұл фестиваль еліміздің барлық өңірлерінен дарынды балалар мен талантты жастарды анықтап, оларды жан-жақты қолдау, шығармашылық қабілеттіліктерін дамыту, халықаралық мәдени байланыстарды дамыту мен нығайту мақсатында ұйымдастырылып отыр. Сондай-ақ, еліміздің барлық өңірлерінде Фестивальдің іріктеу кезеңдері ұйымдастырылады. Қазіргі таңда іріктеу кезеңдерінің кестесі әзірленіп, жергілікті атқарушы органдарымен дайындық жұмыстары жүргізілуде. Іріктеу 20 сәуірге дейін жалғасады», - деді Әбіл Жоламанов.

10-16 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдердің арасында «Вокалдық өнер», «Инструменталдық орындаушылық, «Хореографиялық өнер», сондай-ақ «Көркемдік оқу» сынды 4 номинация бойынша өтеді. Ал «Бейнелеу өнері» номинациясы Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО Клубтарының Федерациясымен бірлесіп өткізбек.

«Сондай-ақ, фестивальге шет елдердің де балалары мен жасөспірімдері қатысады. Бүгінгі күні бірқатар шет елдердің мәдениет министрліктеріне хат жолданды. Олардың бірі Ресей, Түркия, Қытай, Беларусия, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Грузия елдері», - деп спикер атап өтті.

Фестиваль аясында Бурабай демалыс аймағында қатысушыларға арналған шеберлік сыныптар, экскурсиялар, тимбилдинг және т.б. ойын-сауық пен танымдылық іс-шаралар ұйымдастырылады. Ал аталмыш фестивальдің Гала-концерті 1-ші шілде күні Астана қаласында өтеді.

Сонымен қатар, фестивальдің жеңімпаздары лауреат атақтарымен, дипломдармен және бағалы сыйлықтарымен марапатталады. Оған қоса, жеңімпаздар жоғары дәрежелі халықаралық конкурстарға қатысуға және еліміздің шығармашылық өнер оқу орындарына ұсынылады.