«Батыр тұлға – Бауыржан» көрмесінің салтанатты ашылуы өтті

«Батыр тұлға – Бауыржан» көрмесінің салтанатты ашылуы өтті

15 қарашада Көкшетау қаласындағы Мәлік Ғабдуллин музейінде Жамбыл облысы Бауыржан Момышұлы мемориалдық музейінің қорынан жабдықталған «Батыр тұлға – Бауыржан» атты жылжымалы көрмесінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Іс-шараның мақсаты – Кеңес Одағының батыры, жазушы, даңқты жауынгер Б.Момышұлының ерен еңбегін көкшетаулықтарға, қала тұрғындары мен қонақтарына таныстыру, насихаттау және музейлер арасындағы әріптестік байланысты одан әрі арттыру.

Көрмеге Бауыржан Момышұлының тұрмыста тұтынған заттары, әскери киімдері, қолжазбалары мен хаттары және ойған оюлары қойылды.

Көрменің ашылу салтанатына зиялы қауым өкілдері, ғалымдар, мәдениет мекемелерінің басшылары мен ұстаздар қатысты.