Астанада «Eurasian Book Fair – 2018» үшінші Еуразиялық халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі өтеді

Астанада «Eurasian Book Fair – 2018» үшінші Еуразиялық халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі өтеді

«Eurasian Book Fair» – еуразиялық халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі еліміздегі – іскерлік және гуманитарлық әріптестікті дамыту және нығайту мақсатында ТМД, Еуропа және Азия елдерінің баспа, кітап саудасы ұйымдарын, мәдени және білім беру орталықтарын үлкен интеллектуалдық алаңға  біріктіретін аса ірі кітап форумы. Бүгінгі таңда көрмеге қатысуға 18 елден 150 компания мен ұйымдар өтініш берді, соның ішінде Ресей, Польша, Ұлыбритания, Беларуссия, Әзербайжан, Тәжікстан, Түркия, Қытай, Үндістан, Албания және басқа мемлекеттер бар.

2018 жылы қатысушылар іс жүзінде екі есеге көбейді: өткен жылы кітап форумына 14 елден 80 экспонент қатысқан болатын.

Қазақстандық баспалардан бөлек қатысушылардың басым бөлігі Ресей жағынан болып отыр – яғни 41 қатысушы.

«Бұл көрме-жәрмеңке қазақстандық оқырмандар үшін нағыз кітап мерекесі болмақ. Келушілерді Қанат Тасибековпен, Сейдахмет Құттықадаммен, ресей прозаиктері Лев Данилкинмен, Валерий Поповпен және басқа да танымал жазушылар, ақындар және мәдени қайраткерлермен кездесу күтіп тұр.

Көрме аясында Астанада алғаш рет «Поэтический СЛЭМ»атты жас ақындардың бейресми жыр сайысы, көрермендер алдында өздерінің кітаптардан жасалған туындысын көрсететін арт-дизайнерлер байқауы, кітап иллюстрациясына арналған арнайы шаралар өтеді. Мектеп оқушылары мен жас қатысушылар үшін біз арнайы жеке орын әзірледік, белгілі қазақстандық жазушы Лили Калаус пен ресейлік жазушы, сценарист, драматург Евгений Декинмен бірге «Кітапты қалай жазу керек?» деп аталатын шеберлік сыныбы ұйымдастырылады. Кішкентай оқырмандарды көрменің ресми символы – Акира лақап атты шиба-ину тұқымдас итпен таныстық сәті және итпен фотосессия, сонымен бірге басқа да көңілді сәттер күтеді», – дейді көрме жобасының жетекшісі Раушан Турлынова.

Шараны дәстүрлі түрде ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүльшара Әбдіхалықованың ашады, бұл өз кезегінде осынау оқиғаның қоғамдық маңыздылығын тағы бір мәрте дәлелдейді және кітап оқуға деген қызығушылықты арттыруға, әсіресе, жас өскін өскелең ұрпақ арасында кітап мәдениетін насихаттауға мүмкіндік береді.

Қазақстанда 2018 жыл Өзбекстан жылы ретінде жариялануына байланысты Өзбекстан республикасы III Еуразиялық халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесінің Құрметті қонағы болмақ. Кітап көрмесінде өзбек делегациясы құрамында  баспа және ақпарат бойынша Өзбек агенттіктерінің өкілдері және республиканың 10 жетекші баспасы, соның ішінде Гафур Гулям атындағы, Чулпан атындағы, «Узбекистон», «Уқитувчи» баспа-полиграфиялық шығармашылық үйлері, «Узбекистон миллий энциклопедияси» мемлекеттік ғылыми баспасы, «Янги аср авлоди”баспа-полиграфиялық орталығы, «Хилол нашр» баспа-полиграфиялық үйі және басқалар қатысады.

Еуразиялық халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесінің ресми ашылу салтанаты 25 сәуірде күні сағат 11.00-де Астана қаласындағы «Көрме» залында болады.