Ақтоты Райымқұлова МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің жаңа төрағасын ұжымға таныстырды

Ақтоты Райымқұлова МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің жаңа төрағасын ұжымға таныстырды

Бүгін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің жаңа төрағасы Самат Ерғалиевті ұжымға таныстырып, алдағы қызметіне сәттілік тіледі.

Айта кетейік, Самат Ерғалиев 1979 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Д.Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясын, Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 2004 жылы жеке компанияда жабдықтау жөніндегі менеджер лауазымынан бастады.

2012-2018 жылдары «Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві дирекциясы» РМҚК түрлі лауазымдарда қызмет атқарды.

2018-2020 жылдары — «Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК директоры. 2020 жылдың сәуір-қарашасы аралығында – «Нұр-Сұлтан қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ басшысының міндетін уақытша атқарушы; міндетін атқарушы.

2020 жылдың қарашасынан бастап қазіргі уақытқа дейін «Нұр-Сұлтан қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ басшысы болды.