Надежда Морозова Әлем Кубогында қола медаль жеңіп алды

Надежда Морозова Әлем Кубогында қола медаль жеңіп алды

12-14 қараша аралығында Польшаның Томашув-Мазовецкий қаласында конькимен жүгіруден Әлем Кубогының бірінші кезеңі өтті. Жарыстың соңғы күні 1500 метрге жүгіруде Надежда Морозова қола медаль жеңіп алды. Оның нәтижесі 01:56.925.

Бұл қашықтықта 01:56.000 уақыт көрсеткен 2018 жылғы Олимпиаданың күміс жүлдегері жапониялық Михо Такаги топ жарса, америкалық Бриттани Боу күміс алды (01:56.606).

Ал 2018 жылғы Олимпиаданың чемпионы нидерландылық Ирин Вуст төртінші сатыда қалды.