Қазақстан кинематографы түрік әріптестерімен бірлескен жобалар арқылы түркі әлемінің болашағына нық қадам жасайды

Қазақстан кинематографы түрік әріптестерімен бірлескен жобалар арқылы түркі әлемінің болашағына нық қадам жасайды

Қазақ кинематографиясын одан әрі қарқынды дамыту және бірлескен жобаларды жүзеге асыру мақсатында ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова «Қорқыт ата» фестивалінің қатысушыларымен одан әрі ынтымақтастық мүмкіндіктерін арттыру үшін бірқатар кездесулер өткізді.

Министр «Акиф» фильмінің продюсері, төлемдер бойынша кинотеатр кассасында ең көп қаражат жинаған рекордшы Baran Mayda мен кездесті.

Бұдан кейін Ақтоты Райымқұлова Қазақстан және Ресейдің халық музыканты, домбырашы, ақын, ноғай тілінде шебер ән орындаушы Арсланбек Сұлтанбековпен сұхбаттасты.

Сонымен қатар ҚР Мәдениет және спорт министрі танымал түрік фильмдерінің режиссері Метин Гюнай және танымал түрік продюсері Мехмет Боздакпен кездесіп, бірқатар маңызды мәселелерді талқылаған соң, 2020-2021 жылдары түсірілген Mendirman Jaloliddin халықаралық өзбек-түрік тарихи кино жобасының қоюшы режиссері Нұрғиса Алмуратпен алдағы уақытта түрлі жобаларды бірлесіп атқару жөнінде ой бөлісті.