Айгүл Бектенова МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды

Айгүл Бектенова МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды

Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне спорт министрлігінің Аппарат басшысы Ернат Мұхамадиевтің бұйрығымен Айгүл Бектенова Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды.

Мəдениет жəне спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мен Аппарат басшысы Ернат Мұхамадиев ұжыммен болған жиналыста Айгүл Бектенованы құттықтап, қызметіне сәттілік тіледі.

Біздің анықтама:

Айгүл Бақытжанқызы Бектенова 1986 жылы дүниеге келген. Қазақ спорт және туризм академиясын, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін тәмамадаған.

2007-2009 жылдары №7 Балалар жасөспірімдер спорт мектебінің биатлоннан оқытушы-жаттықтырушысы, «Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві» РМҚК қысқы олимпиадалық және олимпидалық емес спорт түрлері бөлімінің нұсқаушысы;

2009-2012 жылдары Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі Спорт комитеті олимпиадалық спорт түрлері басқармасының сарапшысы, жоғары жетістіктер спорты басқармасының сарапшысы, бас сарапшысы;

2012-2015 жылдары Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Жоғары жетістіктер спорты және спорт резерві департаменті Қысқы спорт түрлері басқармасының басшысы, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Қысқы спорт түрлері басқармасының басшысы;

2015 жылдың наурызынан бастап осы уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің Жазғы спорт түрлері басқармасының басшысы лауазымын атқарды.