Қазақстан отандық керлинг тарихында алғаш рет халықаралық жарыста медаль жеңіп алды

Қазақстан отандық керлинг тарихында алғаш рет халықаралық жарыста медаль жеңіп алды

Бүгін Алматы қаласында өтіп жатқан кёрлингтен Азия-Тынық мұхиты аймағы чемпионатының ширек финалдағы кездесулері аяқталды. Қазақстан әйелдер құрамасы Гонконгты 9:6 есебімен жеңіп, жартылай финалға шықты.

Енді Қазақстан құрамасының еншісінде кем дегенде қола медаль бар. Бұл кёрлингтен халықаралық бәсекелерде біздің спортшылар жеңіп алған алғашқы жүлде.