
Қазір Стамбұл қаласында Қорқыт ата халықаралық Түркі әлемінің фильмдер фестивалі (Korkut Ata Turkic World Film Festival) өтіп жатыр.
Бұл айтулы іс-шараны Түркияның Мәдениет және туризм министрлігі тұңғыш рет ұйымдастырды.
Фестивальдің мақсаты – Түркі әлемі фильмдерін насихаттау, мәдени және шығармашылық ынтымақтастық аясын кеңейту.
Сондай-ақ бұл кинофестиваль кино өнері арқылы ортақ тарихи, мәдени және әлеуметтік құндылықтарды нығайтуға бағытталған.