«Далалық Еуразия металлургиясы: ежелгі технологияларды зерттеу тәжірибесі мен репрезентациялау» атты халықаралық ғылыми семинар өтеді

«Далалық Еуразия металлургиясы: ежелгі технологияларды зерттеу тәжірибесі мен репрезентациялау» атты халықаралық ғылыми семинар өтеді

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтымен бірлесіп, 18 қарашада Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған «Далалық Еуразия металлургиясы: ежелгі технологияларды зерттеу тәжірибесі мен репрезентациялау» атты халықаралық ғылыми семинар өткізуді жоспарлап отыр.

Семинар барысында Ермолаева А., Ержанова А., Дубягин Е., Анкушева М., Артемьева Д., Блинова И., Кузьминых С., Калиева Ж. «Талдысай – поселение древних металлургов позднебронзового века в Улытауской степи» ұжымдық монографиясын талқылау жоспарланған. Ғылыми еңбек Жезқазған-Ұлытау тау-кен металлургия орталығында орналасқан Талдысай қонысындағы металл өндірісінің толық циклі бар өндірістік-тұрғын үй кешендерінің кешенді зерттеу нәтижелерін ұсынады.

Қоныстағы шеберханалар б.з.д. II мыңжылдықта бүкіл Еуразия дәуірінде жұмыс істеген. Талдысайдағы металлургия мен металл өңдеуді зерттеу, балқыту және құю технологиясының пайда болуы мен дәстүрі туралы мәселені қарастыруға мүмкіндік берді.

Бұл кітап осыған дейінгі жарияланымдардың заңды жалғасы саналады. Ол соңғы жылдардағы зерттеулерді қорытындылайды. Онда ескерткіштің аумағын игерудің бастапқы кезеңінде халықтың тіршілігін көрсететін қоныстың төменгі қабатының объектілері мен материалдары берілген.

Семинарға ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы кітапханасының өкілдері, белгілі отандық және шетелдік ғалымдар, археологтар мен этнологтар, жоғары оқу орындарының оқытушылары, қоғам өкілдері қатысады.

Семинар өтетін залда пандемияға байланысты барлық қауіпсіздік шаралары сақталады, сондай-ақ іс-шараға ZOOM интернет-платформасы арқылы онлайн-қатысуға болады.

Конференцияның идентификаторы: 885 6071 9102

Коды: 393952

Өтетін орны: Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің кітапханасы,

Нұр-Сұлтан қ., Тәуелсіздік даңғылы, 54.

Басталуы: сағат 10:00.

Қосымша ақпарат алу үшін байланыс телефондары:

+ 7 (7172)999 -062; 8 7021900284, e-mail: b_kulzhanova@mail.ru