Музей ісін жандандыру- уақыт талабы

Музей ісін жандандыру- уақыт талабы

Бүгін ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова отандық  музейтанушы Нұрсерік Жолбарысты қабылдады.

Кездесу барысында Нұрсерік Жолбарыс  музей ісіндегі заманауи жетістіктерді Қазақстанның музей ісі тәжірибесіне енгізу, отандық ЖОО-дағы музейтану мамандықтарына қосымша квота бөлу, Қазақстанда тақырыптық музейлер ашуда жеке бастамаларды қолдау, мамандардың біліктілігін арттыру сынды ұсыныс-пікірлерді көтерді.

Министр еліміздегі музейлендіру бағытында атқарылып жатқан іс- шаралардың маңыздылығына, адамзат баласының тарихи, рухани құндылықтарды бағалау мәдениетін қалыптастыруға тәрбиелейтін кешенді іс әрі қарай да қарқынды жүргізілетініне тоқтала келе, осы жолда Нұрсерік Жолбарысқа белсенді қызметі үшін алғыс білдіріп, ұсыныс-пікірлер Министрліктің музей ісі жөніндегі көркемдік кеңесінің кезекті отырысында талқыланатынын жеткізді.