1-7 қараша аралығында елордадағы Футбол үйінің базасында JKFL лигасының (Jekemenşik klubtar futbol ligasy/жекеменшік мектептер мен академиялардың футбол лигасы) финалдық кезеңі өтті.
Бұл – Қазақстан жекеменшік мектептері мен академиялары арасында футболдан алғашқы ресми чемпионат. Жаз бойы өңірлерде іріктеу кезеңі өтіп, жеңімпаздар бас қалада анықталды.
Лиганы Vista жеке спорт клубы Қазақстан футбол федерациясының және УЕФА-ның қамқорлығымен құрды. Мақсаты – бүкіл республика бойынша жеке футбол мектептерін қолдау, жарналар мен төлемдерсіз толыққанды тұрақты жарыс процесін ұйымдастыру.
Биыл турнирде барлығы 44 футбол мектебінде білім алатын 1600-ге жуық бала доп тепті. Оның ішінен ақтық кезеңге 4 жас санатындағы 29 команда өтті. Бір аптаға созылған жарыс барсында балалар күн сайын үздіктермен шеберлік байқасып, баға жетпес тәжірибе алды.
Назарларыңызға жеңімпаздар мен жүлдегерлерді ұсынамыз:
2005-2006 жж.
1-орынды барлық ойында жеңіске жеткен Алматыдан келген «Арыстан» командасы алды.
2-орын – «Динамо» командасы (Нұр-Сұлтан)
3-орын – «Нархоз» (Алматы)
2007-2008 санатында – 1 орынды «Арыстан» командасы алды,
2-орын – «Реал Спорт» (Атырау)
3-орын – «Юнайтед» (Алматы).
2009-2010 жылғылар санатында:
1-орын – «РеалСпорт» (Атырау)
2 орын «СанСиро» (Нұр-Сұлтан)
3 орын – «Юнайтед» (Алматы)
Ең кіші санат – 2011-2012 жылғылар:
1-орын – «Нархоз»
2-орын – «Форсаж» (ШҚО)
3-орын – «Реалспорт» (Атырау)
Жүлдегерлерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Бұқаралық спорт басқармасының басшысы Мейрамбек Махамбетов, «Ақтөбе» ФК бас директоры Ерлан Жамантаев, лиганың Президенті Александр Разинков, Қазақстан футбол федерациясы балалар-жасөспірімдер, бұқаралық футбол департаментінің орынбасары Серік Сәрсембеков марапаттады.