
ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова ерлер мен әйелдер арасындағы ауыр атлетикадан Қазақстан Республикасының жеке-командалық чемпионатының салтанатты ашылуында сөз сөйледі.
Министр ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің атынан Алматы облысының басшылығына және Қазақстан Республикасы Ауыр атлетика федерациясына Республикалық маңызы бар негізгі жарыстарды сапалы ұйымдастырғаны үшін алғыс білдірді.
"Мұндай спорттық іс-шараны тұрақты өткізу Қазақстанда ауыр атлетиканың дамуына жаңа серпін береді, сондай-ақ қатысушылар арасындағы спорттық қарым-қатынастарды нығайтуға және жас қазақстандықтардың физикалық және адамгершілік сау ұрпағын қалыптастыруға ықпал етеді. Жарысқа қатысушылар мен қонақтарға мықты денсаулық және ұмытылмас әсер тілеймін!", - деді ол сөз соңында.
Сонымен қатар Министр "Қазақстан Республикасының Ауыр атлетика федерациясы" ҚБ жаттықтырушылар кеңесінің отырысына қатысты.
Бұдан кейін А.Райымқұлова "Жастар" Спорт Сарайында және орталық бассейнінде болып, спорт кешендерінің бүгінгі тынысымен танысты.