
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитеті Алматы облысы Талдықорған қаласында 5 қарашада «Өңірлік ономастика мәселелері» тақырыбында семинар өткізді.
Шараның мақсаты – Қазақстан Республикасындағы ономастикалық жұмыстарды ұйымдастыратын әдістемелік ұсынымды, идеологиялық тұрғыдан ескірген атаулары бар елді мекендер мен құрамдас бөліктерді қайта атау бойынша 2022-2025 жылдарға арналған Жол картасы мен өзектендірілген «Тарихи тұлғалар» тізімін насихаттау, оны жұмыс барысында басшылыққа алу.
Семинар жұмысын ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы Ақан Абдуалиев жүргізді.
Семинарға Жамбыл обылысы, Түркістан, Қызылорда облыстары және Алматы, Шымкент қалалары әкімдіктері жанындағы ономастика саласымен айналысатын басқарма басшылары мен ономастика бөлімдерінің басшылары, Алматы облысына қарасты барлық аудан әкімдерінің орынбасарлары қатысты.
Алқалы басқосуда бірқатар мәселелер талқыланып, ұсыныстар айтылды. Семинар еркін форматта өтті.