Теміртас Жүсіпов пен Махмұд Сабырхан финалға шықты

Теміртас Жүсіпов пен Махмұд Сабырхан финалға шықты

Қазір Белградтағы бокстан әлем чемпионатында финалға шыққан былғары қолғап шеберлері анықталып жатыр. Рингке бірінші болып  48 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғап жатқан Теміртас Жүсіпов шығып, Беларусь өкілі Евгений Кармильчукті таза жеңді. Есеп 5:0.

Осыдан кейін 54 келіге дейінгі салмақта сынға түсіп жатқан Махмұд Сабырхан үндістандық Акаш Кумарды сенімді ұтып, жеңісті жолды жалғастырды.

Айта кетейік, әлем чемпионатын 1/8 айналымнан бастаған Теміртас алғашқы жекпе-жегінде сербиялық Омер Аметовичті, ширек финалда өзбекстандық Нодиржан Мирзаахметовты ұтты. Ал Махмұд алғашқы жекпе-жегінде оңтүстік кореялық Ин Гю Кимнен, сосын шотландиялық Мэттью Макхэйлден, ширек финалда бразилиялық Мишель Тринидадтан айласын асырды.