«Сарайшық» музей қорығында алтынордалық ескерткіштерді қалпына келтіруге арналған ғылыми-техникалық кеңес өтті

«Сарайшық» музей қорығында алтынордалық ескерткіштерді қалпына келтіруге арналған ғылыми-техникалық кеңес өтті

Бүгін, 28 қазанда Сарайшық мемлекеттік тарихи-мәдени музей қорығында республикамызға белгілі тарихшылар – т.ғ.д., профессор Ә. Мұқтар (Атырау қ.), т.ғ.д. Ұ. Ахметова (Атырау қ.), археологтар – т.ғ.д., Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің профессоры М. Елеуов (Алматы қ.), т.ғ.д., Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің профессоры М. Қожа (Түркістан қ.), т.ғ.к., Шәкәрім атындағы университет профессоры А. Исин (Семей қ.), PhD доктор А. Қасеналин (Нұр-Сұлтан қ.), «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК аға ғылыми қызметкері, т.ғ.к. М. Қасенов (Атырау қ.), PhD докторант С. Есен (Нұр-Сұлтан қ.), Атырау облысы Тарихи-мәдени мұраны зерттеу орталығының басшысы М. Кипиев, археолог А. Тұрарұлы, археолог А. Жұмабаев «Ортағасырлық Сарайшық ескерткішіндегі археологиялық нысандарды ғылыми-реставрациялау» жұмыстарын ғылыми-техникалық кеңесте талқылады.

Кеңесте 1) Жайық өзені жағалауындағы кешенді сарай ғимаратын қалпына келтіру, үстіне метал жабынды орнату, 2) 2020 жылы қайта қалпына келтірілген алтынордалық тұрғын-жай үстіне метал жабынды орнату, 3) 2021 жылы ашылған №3 қазба орнындағы ғимараттарды қалпына келтіру, 4) «Хан моласы» қазбасындағы жерлеу ғимараттарын сақтап қалу, қалпына келтіру, 5) музей-қорық ауласындағы «Хандар кесенесінің» беткі қабатын жаңарту мәселелері арнайы көтерілді.

Кеңес нәтижесінде:

  1. Кешенді сарай ғимараты орнын тазалап топырақтан аршу, қайта қалпына келтіруге, үстіне метал жабынды тұрғызу;

  2. Қалпына келтіру жұмысы жүргізілген алтынорда кезеңінің тұрғын-жайлары үстіне метал жабынды тұрғызу;

  3. №3 қазба орнында реставрациялық жұмыстар жүргізіп, үстін метал жабындымен жабу;

  4. «Хан моласы» нысанындағы ғимараттарды қайта қалпына келтіруге, үстіне қорғаныш жабынды орнату;

  5. Музей-қорық ауласындағы «Хандар пантеоны» ескерткішіне жаңғырту жұмыстарын жүргізіп, тазалау мәселелері қолдау тапты.