Мемлекеттік Ә. Қастеев атындағы өнер музейі мен Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Мемлекеттік Ә. Қастеев атындағы өнер музейі мен Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

2018 жылдың 3 мамыры күні ҚР Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде «Музыкалық палитра» атты Музыкалық кеші өтті. Оған Қазақстан Республикасының Халық әртісі, Құрманғазы атындағы Алматы консерваториясының ректоры әрі профессоры Жәния Әубәкірова мен халықаралық байқаулардың лауреаты Джульярд мектебінің түлегі Дамир Бүркітбаев (кларнет) қатысты.

Концертке дейін, қонақтар музейдің тұрақты экспозициясымен, сондай-ақ жаңадан ашылған «Верный көшелерінен Алматы даңғылдарына»,  «Латвия, Литва және Эстония өнері», «Көктем әуені» және Ғалым Оспановтың жеке көрмесін тамашалай алды. Одан кейін, Мемлекеттік Ә. Қастеев атындағы өнер музейі мен  Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою туралы салтанатты рәсімі өтті.

Музей директоры, профессор Гүлмира Шалабаева және консерваторияның ректоры, профессор Жания Әубәкірова - музей мен консерваторияның бірлескен жобасын жасау идеясы классикалық және халық музыкасын насихаттау, жас ұрпақтың көркемдік мәдениетінің деңгейін көтеру, жаңа тыңдармандар аудиториясын тарту және студенттердің оқу-концерттік тәжірибелерін арттыруға бағытталғанын ескерді.

Жәния Яхьяевна кешті жүргізе отырып, Моцарттың «фортепианоға арналған до мажор Сонатасын», Бетховеннің «Патетикалық Сонатасын», Бах-Бузонидің «ре минор Чакондасын», Шопеннің «Ре бемоль мажор Ноктюрнін», «фа минор Балладасын» және т.б. әлемге әйгілі тамаша шығармаларды орындап берді.

Жәния Яхьяевна сонымен қатар, композиторлардың өмірі мен шығармашылығы, өзінің концерттік шығармашылығы жөнінде, Париждегі халықаралық байқауда жас пианист ретінде қатысқаны және басқа да басынан өткізген қызықты оқиғаларымен бөлісе отырды.

Қазақ классикалық музыкасының жұлдызы, атақты пианистпен тікелей сөйлесу кешке ұмытылмас әсер қалдырды. Концертке АҚШ пен Германиядан келген қонақтар да қатысты.