Қазақстандық сурдо-дзюдошылар әлем чемпионатында үздік үштіктен көрінді

Қазақстандық сурдо-дзюдошылар әлем чемпионатында үздік үштіктен көрінді

Өткен сенбіде, 30 қазанда Францияның Версаль қаласында есту қабілеті нашар спортшылар арасында дзюдодан әлем чемпионаты аяқталды.

«Дуэль» бағдарламасы бойынша командалық жарыста Қазақстан әйелдер құрамасының 6 дзюдошысы бақ сынасып, үздік үштіктен көрінді. Жарыста 57 келі салмақта Лязат Бахтиярова мен Эвелина Егембердиева, 70 келіде Әсел Мақсұтова мен Анар Исабекова, ал Анна Краморова мен Ольга Гараева 70 келі салмақтан жоғарғы дәрежеде өнер көрсетті.

Бұл сайыста бірінші орын Украина командасына бұйырды. Екінші орынды RСDS (Ресей) дзюдошылары иеленді.

Айта кетейік, дүбірлі додаға әлемнің 26 елінен 150-ден астам спортшы қатысқан. Жарыс қортындысы бойынша, ерлер командасының жеке жекпе-жектерінің нәтижелерін қосқанда Қазақстан құрамасы 8 қола медальға қол жеткізді.

Естеріңізге сала кетейік, аталған чемпионатта бұған дейін 60 және 73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қазақстандық дзюдошылар Әлдібек Нұрмұхаммед пен Шаяхмет Қанапиянов қола медальді жеңіп алған болатын.