
Аталған Фестиваль Мемлекет Басшысы Н.А. Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының «Туған жер» арнайы жобасы аясында өткізіледі.
Фестиваль мақсаты – мәдени-ойын-сауық саласы қызметіндегі тәжірибемен алмасу, қазақстандық патриотизм мен ұлттық-мәдени бірлікті дамыту аясында ұлттық мәдениетті насихаттау және аймақтық мәдениет ұйымдарының имиджін нығайтуға бағытталған үздік әлеуметтік-мәдени және білім беру тәжірибелерін көрсету болып табылады.
Фестиваль міндеттері – бірыңғай мәдени кеңістікті дамыту, аймақтардағы мәдени мұралармен танысу, жұмыс бойынша тәжірибе алмасу, қоғамдық сананы жаңғырту аясында мәдениет ұйымдары қызметтерінің мазмұнын жаңарту бойынша идеялар іздеу, мәдениет қызметкерлерінің кәсіби шеберлігін арттыру болып табылады.
Фестиваль аясында пленарлық отырыс (Фестивальдің ашылуы), ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің жанынан құрылған жас жазушылар мен ақындар кеңесінің отырысын, шеберлік-сыныптары мен келесі бағыттар бойынша:
- «Кітапхана жаһандану дәуіріндегі ұлттық құндылық ретінде»;
- «Музейлер ғылым мен зерттеу қызметін дамытудың негізгі орталықтары ретінде» тақырыптарында сұхбат алаңшаларын өткізбек.
Сондай-ақ шара барысында мемлекеттік музейлер (облыстық, аудандық (қалалық) маңызы бар), мемлекеттік кітапханалар (облыстық, аудандық (қалалық), ауылдық маңызы бар) арасында өтетін республикалық «Рухани қазына-2018» байқауының нәтижесі жарияланатын болады.
Байқаудың нәтижесінде қатысушылар келесі номинациялар бойынша марапатталады:
1) Үздік облыстық маңызы бар мемлекеттік музей;
2) Үздік аудандық (қалалық) маңызы бар мемлекеттік музей;
3) Үздік облыстық маңызы бар кітапхана;
4) Үздік аудандық (қалалық) маңызы бар кітапхана;
5) Үздік ауылдық маңызы бар кітапхана.
6) Үздік облыстық маңызы бар мемлекеттік музей қызметкері
7) Үздік аудандық (қалалық) маңызы бар мемлекеттік музей қызметкері;
8) Үздік облыстық маңызы бар кітапхана қызметкері;
9) Үздік аудандық (қалалық) маңызы бар кітапхана қызметкері;
10) Үздік ауылдық маңызы бар кітапхана қызметкері.


