«Рухани қазына-2018» байқауының жеңімпаздары анықталды

«Рухани қазына-2018» байқауының жеңімпаздары анықталды

Мәдениет саласы қызметкерлерінің басын тұңғыш рет қосқан аталмыш шара барысында еліміздің 16 өңірінен 114 өтінім қаралған.

Нәтижесінде мемлекеттік (облыстық, аудандық (қалалық) маңызы бар) музейлер мен мемлекеттік (облыстық, аудандық (қалалық), ауылдық маңызы бар) кітапханалар саласындағы 10 номинация бойынша анықталған үздіктерге арнайы марапаттар табысталды.

Соның ішінде Алматы қаласындағы Ықылас Дүкенұлы атындағы Ұлттық музыкалық музейі мен Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейі «Үздік облыстық маңызы бар мемлекеттік музей» номинациясы бойынша ақшалай және арнайы дипломмен марапатталды.

«Үздік аудандық (қалалық) маңызы бар мемлекеттік музей» номинациясы бойынша «Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Сырым Датұлы атындағы тарихи-өлкетану музейі» анықталды.

«Үздік облыстық маңызы бар мемлекеттік музей қызметкері» номинациясымен Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкері Алманқұлова Жұлдыз Алманқұлқызы және Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкері Оташева Нәзима Қуанышбайқызы марапатталды.

Ақмола облысының Ілияс Есенберлин әдеби музейі «Үздік аудандық (қалалық) маңызы бар мемлекеттік музей номинациясы» бойынша үздік деп танылды.

Кітапханалар саласы бойынша үздіктердің қатары келесідей.

«Үздік облыстық маңызы бар кітапхана» номинациясы бойынша Шығыс Қазақстан облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы»;

«Үздік аудандық (қалалық) маңызы бар кітапхана» номинациясы бойынша Павлодар облысы Шарбақты ауданының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» мен «Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі үздік деп танылды.

«Үздік ауылдық маңызы бар кітапхана» ретінде Солтүстік Қазақстан облысы М.Жұмабаев ауданының Қарақоға ауылдық кітапханасы белгіленді.

«Үздік облыстық маңызы бар кітапхана қызметкері» етіп Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының Рахым Қайрат Ануарұлы, «Үздік аудандық (қалалық) маңызы бар кітапхана қызметкері» етіп Астана қаласының Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің Толықтыру және әдебиетті автоматты өңдеу қызметінің басшысы Үздік ауылдық маңызы бар кітапхана қызметкері Рахметова Сәуле Рымтаевна белгіленді.

«Үздік ауылдық маңызы бар кітапхана қызметкері» номинациясы бойынша Оңтүстік Қазақстан облысы Төле би аудандық Қайнар ауылдық кітапхананың кітапханашысы Амангельдиева Нуржамал Шажалыкызы мен Қызылорда облысы Шиелі ауданы орталықтандырылған кітапхана жүйесінің №21 Бекет ауылдық кітапханасының кітапханашысы Шоманова Дүйсенкүл Алпысбайқызы марапатталды.

Байқау қатысушыларына арнайы марапатты Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы Қуатжан Серікқазыұлы Уәлиев, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нұржан Бауыржанұлы Әлтаев, жазушы Әлібек Асқар, қоғам қайраткері Ғарифолла Есім, «Назарбаев университеті» кітапханасының бас сарапшысы П.Лаппо, Қазақстан қарулы күштері әскери-тарихи музейінің директоры Перизат Өтепова, Астана қаласындағы Ұлттық академиялық кітапхана директорының орынбасары Ә.Қожабекова табыстады.

Сондай-ақ, байқауға қатысушылардың барлығына Мәдениет және спорт министрінің атынан алғыс хаттар табысталды.

Бұдан басқа мәдениет және өнер саласының қызметкерлерінің қатарынан 40 адамға Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің «Құрмет грамотасы» және 70 адамға «Алғыс хат» берілді.

Іс-шарада Фестивальге қатысушыларды еліміздің танымал эстрада жұлдыздары Бауыржан Исаев, Алмас Кішкенбаев, Гүлнұр Оразымбетова, «Бәйтерек» тобы мен ағайынды Жүгінісовтер құттықтап, ән-жырдан шашу шашты.