
Журналистерге арналған баспасөз туры Этноауыл бойынша экскурсиядан басталды, бұл жерде БАҚ өкілдері өткен байырғы заманға саяхаттап, өзін көшпенділер бейнесінде сезініп, өткен жүзжылдықтардың оқиғасын басынан өткеруге мүмкіндік алды. Журналистер қазақ халқының бай тарихымен, мәдениетімен, музыка және дәстүрімен танысып, көшпенділер өркениеті киіз үйінің этникалық кешенін аралады.
Ауқымды оқиға қазақ мәдениеті мен тарихының көп ғасырлық жауһарын жинақтаған. Этноауылды өз саласындағы айрықша және алғашқы ұлттық жоба деп мақтанышпен айтуға болады. Кешеннің қақпасынан кіре бергеннен қонақтарды батыр көшпенділердің, шексіз сар даланы бағындырушылардың ежелгі заманына қас қағым сәтте алып барады. Астананың мерейтойын атап өтуге келген әр адам өзі үшін қызықты және есте қаларлық оқиғаны көруіне мүмкіндік алады. Этнауыл аясында этникалық музыка және театр өнерінің фестивальдері, көркем көрмелер, қолданбалы-сәндік өнерінің әр түрлі шеберлік сыныптары, ұлттық спорт түрлері бойынша сайыстар, атты-спорттық іс-шаралар және т.б. өтетін болады. 2500 шаршы метр алаңына жайылған аймақ: «Шеберлер ауылы» секторы, «Спорттық-цирктік іс-шаралар» секторы, «Концерттік зал» секторы, «Демалыс аллеясы» секторы, «Дәстүрлі қазақ және шығыс тағамдары мейрамханасы» секторы, «Ұлттық дәстүрлер мен салттар» секторы, «Жібек жолы» Шығыс базары секторы, «Аңшылықтың дәстүрлі түрлері» секілді көптеген секторларға бөлінген.
Этноуыл аясындағы ең ауқымды күтілетін оқиға, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен «Алпамыс» атты театрландырылған цирктік шоу болады. Қазір мұнда шоуға арналған алаңды жабдықтау жұмыстары аяқталуға жақын. Көрермен назарына әуе гимнастарына арналған бірегей аспалары, субұрқақтары, арнайы эффектілері мен бірегей декорациялары бар жоғары технологиялы сахна ұсынылды. Көрермен залына 1000 адам отыра алады.
«Қазақ әуендері» АҚ-ның вице-президенті Шакеев Сәкен Сейтханұлы: «Шоу «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен өтуде. Биыл астананың 20 жылдығы, осы мерейтойға орай қала тұрғындары мен қонақтарына, ерекше әсер беретін «Алпамыс» театралды-цирк шоуын сыйға тартпақпыз. Қазақ тарихының ең көне және жұмбақ беттерінен бастау алатын Алпамыс батыр туралы ғажап аңыздың желісі ежелгі Бозоқ қаласының көшелері мен алаңдарында өтеді, Бозоқ – бүгінде Қазақстанның жаңа астанасы ретінде әлемге танымал Астана қаласы».
Баспасөз-туры барысында қойылымға дайындық жүріп жатты: әуе гимнастары күмбез астындағы снарядтарда ұшып жүрсе, балет труппасы қойылымның элементтерін әзірлеп жатты.
Ұлы халық пен ежелгі керемет қаланың аңызға айналған өткен күні туралы шоуды ауқымды театралды-цирк көрсетілімдеріне мамандандырылған, көптеген халықтың аңыздары мен мифтеріне жаңа өмір сыйлап жүрген «Журавли» спорт театры қояды.
Шоу продюсері және режиссеры Сергей Козиннің сөзіне сүйенсек, «Біз астана тұрғындары мен қонақтарына естен кетпес қойылым әзірледік. Кәсіби акробаттар, тамаша костюмдер, жарқын көрсетілім, керемет декорация, авторлық музыка – осының бәрі жанды елітер, қайталанбас шоу жасайды».
«Алпамыс» қойылымына әр елден 70 әртіс қатысады. Олардың барлығы халықаралық цирк байқауларының лауреаттары мен ең жоғары деңгейдегі спорт сайыстарының жеңімпаздары, Du Soleil циркі қойылымдарының тәжірибелі қатысушылары.
Аңыздың бас кейіпкері Алпамыстың рөлін сомдаушы Даркан Камбышев өз әсерімен былай бөлісті: «Мұндай керемет шоуға қатысу және ең жоғары деңгейдегі кәсіби мамандармен жұмыс істеу мен үшін үлкен мәртебе. Әсіресе шоудың астанамыздың 20 жылдығына орай өтуі жанымды тербейді».
Тылсым сазға тұнған, жаныңды баурап алар музыка шоудың ажырамас бөлігі. Музыка композиторы – «Ұлытау» тобының көптеген композицияларының авторы Жанболат Әділов. Сұлулығы көз тартар костюмдерді жасаған, Бірінші арнадағы «Звёзды на льду», «Минута славы», «Ледниковый период» т.с.с. тәрізді рейтингі жоғары шоулардың костюм жөніндегі суретшісі Шура Тумашова.
Оған қоса, жаз бойы «Этноауыл» аумағында ашық аспан астындағы «Трапеция мектебі» ашылады. Мектептің негізгі элементі – ашық аспан астындағы ұшуға және ауада гимнастикалық трюктерді жасауға арналған цирк трапециясы. Мектеп нұсқаушылары трапецияда ұшуды үйренуге көмектеседі және өзін әуесқой гимнаст болып сезінеді
«Алпамыс» театралды-цирк шоуы 1 маусымнан 31 тамызға дейін бейсенбі мен жексенбі аралығында «Этноауыл» ұлттық-мәдени кешені аумағында өтеді.
Билеттерді www.kassir.kz сайтынан және +7-707-346-346-6 телефоны арқылы, сондай-ақ қаладағы барлық кассадан алуға болады.
«Журавли» спорт театры 2010 жылы Мәскеуде құрылған. Театр репертуарының негізін Cirque du Soleil, Field Entertainment және басқа да әлемдік деңгейдегі гимнастикалық шоулардың тапсырысы бойынша The Flying Cranes компаниясы жасаған элементтер қалады.


Facebook: https://www.facebook.com/alpamysshow/
Instagram: https://www.instagram.com/alpamys_show/