ҚР Мәдениет және спорт министрі А. Мұхамедиұлы Жапонияның елшісі Итиро Кавабатамен кездесті

ҚР Мәдениет және спорт министрі А. Мұхамедиұлы Жапонияның елшісі Итиро Кавабатамен кездесті

Мемлекет басшысы өзінің сөз сөйлеулерінде жалпыұлттық келісімнің негіздерінің бірі қазақстандықтардың мейірімділіктің, бейбітшіліктің және әділдіктің мәңгілік құндылықтарын қабылдаудағы біздің  ынтымақтылығымыз болып табылатынын атап өтті.   Қазақстандықтар өткен кезеңдердегі зұлымдықты, зорлық-зомбылықты құптамайды.  Бұл күні ұжымдандыру, саяси қуғын-сүргiн,  департация жылдары аштықтан қаза болғандарды еске аламыз.    

31 мамыр Саяси қуғын-сүргiн құрбандарын Еске алу күнi Қолжазбалар және сирек кітаптар  ұлттық орталығы    базасында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасы бойынша   Қазақстан Республикасы  Мәдениет және спорт министрі А. Мұхамедиұлының    Жапонияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Итиро Кавабата мырзамен  кездесуі өтті. 

Кездесуге  Мәдениет және спорт министрлігінің басшылығы, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер   министрлігінің өкілдері, көрнекі мәдениет қайраткерлері, Қазақстандағы Жапония елшілігінің қызметкерлері,     республикалық және облыстық архивтердің басшылары қатысты.

Кездесу барысында    Қазақстан Республикасы  Мәдениет және спорт министрі   Арыстанбек Мұхамедиұлы сөз сөйледі және электрондық тасымалдағышта Қазақстан аумағында ерекше режимде болған жапондықтар туралы   архивтік материалдар көшірмелерін  Итиро Кавабата мырзаға тапсырды. 

  Итиро Кавабата мырза министрге  ұсынылған материалдар үшін алғыс білдірді және бұндай іс-шаралар біздің халықтар арасындағы сенім мен достықты нығайтады деп қорытындылады.   

Сондай-ақ  белгілі қазақ ақыны, ағартушы Абай Құнанбаевқа арналған  «Ұлы даланың Ұлы ақыны» атты көрменің және Мемлекет басшысының «Рухани Жаңғыру» бағдарламасын іске асыру мен Астана қ. 20 жылдығын мерекелеу  шеңберінде көне қолжазбалар мен сирек кітаптардың тұрақты көрмесінің тұсаукесері болды.