«Ұлттық ономастика: Ізденіс пен тәжірибе» атты республикалық семинар өтті

«Ұлттық ономастика: Ізденіс пен тәжірибе» атты республикалық семинар өтті

Бүгін Жамбыл облысы Тараз қаласында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен «Ұлттық ономастика: Ізденіс пен тәжірибе» атты республикалық семинар өтті.

Семинар барысында Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясы мақұлдаған ономастика жұмысын ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдардың, идеологиялық тұрғыдан ескірген атаулары бар елді мекендер мен олардың құрамдас бөліктерін қайта атау жөніндегі 2022-2025 жылдарға арналған Жол картасының таныстырылымы және түсіндіру жұмыстары жүргізілді, сондай-ақ өңірлердегі ахуал талқыланды.

Іс-шараның мақсаты – ономастика саласындағы өзекті мәселелерді талқылау және осы саладағы өңірлердің қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу.

Сонымен қатар семинарда елді мекендердің және олардың құрамдас бөліктерінің байырғы тарихи атаулары бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу мәселелері, сондай-ақ халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуге бағытталған шаралар қаралды.

Семинар жұмысына Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Дәулет Кәрібек, Республикалық ономастика комиссиясының мүшелері, сарапшылар және жергілікті атқарушы органдардың өзге де өкілдері қатысты.

Семинар барысында сала мамандары Мәдениет және спорт министрінің алғыс хаттарымен және құрмет грамоталарымен марапатталды.