Махмұд Сабырхан сенімді жеңіске жетті

Махмұд Сабырхан сенімді жеңіске жетті

Белградта (Сербия) өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатының 1/16 кезеңінде Махмұд Сабырхан (54 кг дейін) оңтүстік кореялық Ин Гю Кимді айқын басымдықпен ұтты. Үш раундтан кейін барлық төреші жеңісті 20 жастағы қазақ былғары қолғап шеберіне берді.

Сондай-ақ бүгін 1/16 айналымда шаршы алаңға тағы үш қазақстандық боксшы шығады. Айбек Оралбай (92 кг дейін) польшалық Матеуш Березницкимен, Саматәлі Төлтаев (60 кг) таиландтық Хунатипу Пиднучумен, Асланбек Шымбергенов (71 кг дейін) Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері өзбекстандық Шахрам Гиясовпен күш сынасады.

Барлық жекпе-жекті Qazsport арнасы тікелей эфирде көрсетеді.