2021 жылғы балалар-жасөспірімдер клубтарының саны

2021 жылғы балалар-жасөспірімдер клубтарының саны

Бүгінгі таңда «Нұр-Отан» партиясының Жол картасындағы «балалар мен жас жеткіншектер (БЖК) мен балалар-жасөспірімдердің дене дайындығы клубтарының (БЖКФҚ) санын үлкен ауылдарды қамти отырып 1000-ға дейін ұлғайту» атты 141-тармағын іске асыру кезең-кезеңімен жүзеге асырылып, қазан айының аяғына қарай толық аяқталды.

Биылғы қорытынды бойынша республикада 632 балалар мен жас жеткіншектер клубы жұмыс істейді. Бұл көрсеткіш былтырмен салыстырғанда бүкіл республика бойынша 53 клубқа артты. Аталған меже балалардың спортпен шұғылдану санын арттыруды көздейді. Жоспарлы көрсеткіш 5%-ға асыра орындалды.

Балалар мен жасөспірімдердің дене шынықтыру клубтары туралы айтар болсақ, биыл 128 клуб ашылды. Бұл өз кезегінде 2020 жылға қарағанда 21 клубқа артық, жоспарлы көрсеткіш 7,6%-ға артты.

Балалар-жасөспірімдер клубтарының ең көп саны Қарағанды облысында (105 клуб), ал дене шынықтыру даярлығы бойынша балалар-жасөспірімдер клубтары (53 клуб) Қостанай облысында екенін айта кеткен жөн.

Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, Мәдениет және спорт министрлігі өңірдегі әкімдіктермен бірлесе жұмыс істей келе, «Нұр Отан» партиясының «Өзгерістер жолы: Әрқайсысына лайықты өмір» атты сайлауалды бағдарламасындағы 141-тармақты іске асыру уақытылы орындалды.